Қазақстанның үш өңірінде 11 жаңа петроглиф табылды

Қазақстанның үш өңірінде 11 жаңа петроглиф табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2025 22:20 Сурет: Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі
"Петроглиф ізшілері" қорының еріктілері 2025 жылы 27 экспедицияға шығып, Алматы, Жамбыл мен Жетісу облысында петроглифтердің 11 жаңа шоғырын тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ бұрын белгісіз болып келген ерте темір дәуірі мен түркі кезеңіне жататын ондаған қоныс пен қорымды, XVIII–XIX ғасырға тиесілі қазақтың оннан астам рулық зиратын анықтаған.

Қор өкілдерінің айтуынша, биыл ғылыми ортаға бұрыннан белгілі жерлердің өзінен біраз жаңа петроглиф табылған. Жалпы алғанда, осы жолы археологиялық ескерткіштер тізіміне енбеген жиырмаға жуық қорым тіркелген. Қорғандардың жалпы саны 300-ден асады. Олардың арасында Аманбөктер шоғырындағы петроглифтер, Баянжүрек маңындағы жаңа топ, сондай-ақ Қызылағаш ауылының маңындағы жазық пен Жетісу облысының Ақтекше ауылы жанындағы Мұқыр шатқалынан табылған жартастағы суреттер де бар.

Еріктілердің айтуынша, зерттеуге шалғайдағы ауыл тұрғындары да көп үлес қосқан. Әлеуметтік желі мен БАҚ-та үнемі көрініп отыратындықтан, қорға ауыл тұрғындарынан осындай орындар туралы біраз хабарлама келіп түсіпті. Бұл тасада қалған қаншама ескерткіштің табылуына мүмкіндік берді.

Сурет: Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі

Қордың атқарушы директоры Ольга Гумированың айтуынша, "Петроглиф ізшілері" жобасындағы ең басты ресурс — адам.

"Қорымызда ерікті болып жүргендердің әрқайсысы әртүрлі саладан келген. Әсіресе, жыл өткен сайын іздеу жұмысына ауыл мен шалғай елдімекеннің тұрғындары көп араласып жатқанын көріп қуанып қаласың. Әркім өзінің туған жерінің тарихын бүкіл әлем білсе екен дейді ғой. Бұл — нағыз патриотизм", - деді Ольга Гумирова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Қоғам белсенділері 2026 жылға арналған жоспарын да айтты. Келер маусымда олар жаңадан анықталған петроглиф шоғырларын зерттеуді жалғастырып, Ешкіөлмес кешенінің виртуалды 3D-турын жасап, жаңа барлау экспедицияларын өткізуді де жоспарлап отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: