Қарағандыда полицейлер жедел түрде ұрлықтың бетін ашты

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2025 12:36 Фото: Zakon.kz
Қарағандының 64 жастағы тұрғыны полицияға ұрлық туралы арызданды.

Оның сөзінше, күртесінің қалтасынан банк картасы жоғалып, біраз уақыттан кейін сол картадан 141 мың теңге зейнетақысы шешіп алынған.

Полиция қызметкерлері банктың қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, банкоматтағы бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу арқылы күдіктінің жеке басын қысқа мерзімде анықтады.

Тергеу нәтижесі күтпеген жайтты ашты. Зейнеткердің ақшасын қолды қылған жәбірленушінің 31 жастағы бірге тұратын көршісі болып шықты.

Әйел картадан ақшаны алғаннан кейін толықтай жұмсап үлгерген. Қазіргі уақытта ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жалғасып, оқиғаның мән-жайы мен қылмыстың себебі анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: