Абай облысында полицейлер мал ұрлығының бетін ашты

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2025 10:57 Фото: Zakon.kz
Аягөз ауданының 24 жастағы тұрғыны полицияға еркін жайылымнан үш бас жылқысын ұрлап кеткені туралы арызданған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 1 200 000 теңгені құрады.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жасалған ұрлыққа қатысы бар 47 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады.

Тергеу барысында күдіктіден заттай дәлелдемелер тәркіленіп, ол өз іс-әрекетін мойындады. Қазіргі уақытта мал ұрлығы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Күдіктіге келуге міндеттеме тағайындалды. Полиция атқарылып жатқан жұмыстардың басым бағыттарының бірі – мал ұрлығы фактілерімен күрес екенін ескертеді.

Мұндай барлық құқық бұзушылықтар қатаң бақылауда.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері мал иелерінің де өз тарапынан жануарларға барынша қадағалау орнатып, олардың жоғалу қаупін азайту маңызды екенін еске салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: