Алматыда Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар ұсынылды

Алматыда Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар ұсынылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2025 21:05 Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Орталық мемлекеттік архивінде қазақтың даңқты қолбасшысы, Кеңес Одағының Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына арналған "Бауыржан Момышұлы және жаңа архив деректері" атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, конференцияның мақсаты – Бауыржан Момышұлының әскери мұрасын, қолбасшылық өнері мен тұлғалық феноменін жаңа архив деректері негізінде қайта зерделеу.

Конференция аясында Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты бұрын белгісіз болып келген түпнұсқа құжаттардан құралған арнайы архив көрмесі ұсынылды.

Іс-шараға тарихшы ғалымдар, қоғам және мәдениет қайраткерлері, ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілері, студенттер, магистранттар, докторанттар және мектеп оқушылары қатысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: