Петропавлда интернет тартпақ болған жұмысшы биіктен құлап, мерт болды

Петропавлда интернет тартпақ болған жұмысшы биіктен құлап, мерт болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2025 19:50 Сурет: Zakon.kz
Петропавлда монтаж жұмыстары кезінде көтергіш платформадан екі адам құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін, 2025 жылғы 5 желтоқсанда болған. Жұмысшылардың бірі — 35 жастағы ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал 1994 жылы туған екінші жұмысшы ауруханаға жеткізілді.


"Осы дерек бойынша еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Істің барлық мән-жайын толық анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады, - делінген хабарламада.

Екі жұмысшы интернет тартпақ болған екен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: