Алматыда жас келіншек биіктен құлап мерт болды

Алматыда әйел жоғарғы қабаттан құлап кетті. Ол оқиға орнында жан тапсырған, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК телеарнасының хабарлауынша, жантүршігерлік оқиға қаладағы Сайран көлінің маңындағы "Алтын бұлақ-2" тұрғын-үй кешенінде болды. Қыздың ең жоғарғы қабаттағы балконнан секірген сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алған. Маңайдағылар марқұмды бұл ойынан айнытуға тырысқан екен.
Тұрғындардың айтуынша, 18-қабаттан құлаған қыз 20 жаста болған. Оның артында екі баласы қалған көрінеді. Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр.
Қылмыстық іс қозғалған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript