Жамбылда көпбалалы әке желідегі жазбасы үшін жарты миллион теңге айыппұл арқалады
Фото: unsplash
Жамбыл облысында әлеуметтік желідегі жала жабу айтарлықтай айыппұлға әкеліп соқты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сарысу аудандық соты басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн көрінеу жалған мәліметтерді көпшiлiк алдында тарату фактісі бойынша азаматқа қатысты істі қарады.
"Сот Е.-нің өзінің "Facebook" әлеуметтік желісіндегі парақшасында Т. есімді адаммен хат алмасудың скриншоттарын жариялағанын, онда аурухана әкімшілігіне, оның ішінде бас дәрігер К.-ға қатысты жала жабу сипатындағы шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер қамтылғанын анықтады. Жариялауда аурухана қызметкерлерінің іс-әрекеттерін теріс көрсетуге бағытталған мәлімдемелер, сондай-ақ медициналық ұйымның қызметіне байланысты негізсіз айыптаулар орын алған",- делінген ақпаратта.
Құқық бұзушы Е. кінәсін мойындамай, теріс мәлімдемелер оған тиесілі емес екенін түсіндірді, бірақ ол хат алмасудың скриншоттарын жариялау фактісін растады.
Жәбірленуші – аудандық аурухананың бас дәрігері К. Е.-нің іс-әрекеті оның іскерлік беделіне, абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтіргенін түсіндіріп, оған заңға сәйкес жаза тағайындауды сұрады.
"ӘҚБтК 73-3-бабы 2-бөлігінің санкциясы жеке тұлғаға 180 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды немесе 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді. Сот, 6 кәмелетке толмаған баланың болуын ескере отырып, айыппұл мөлшерін 30%-ға азайтты. Сот қаулысымен Е. ӘҚБтК 73-3-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 495 мың теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындалды".Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript