Ақмола облысында ірі қара белгісіз аурудан қырылды
Фото: primeminister.kz
Ақмола облысының Зеренді ауданында ірі қара белгісіз аурудан қырылып қалды. Бас аяғы 40-қа жуық түлік шығын болған.
Малдың жаппай қырылуы Дөңгілағаш ауылында желтоқсанның 4-інде басталған.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, мал жайылымнан келген соң ауырып, жем-шөп пен судан бас тартып, күйіс қайтаруын қойған, деп жазады qazaqstan.tv.
Аудандық ветеринарлық қызмет мамандары оқиға орнына барып, патологиялық материалдар зертханаға жіберілді. Жалпы, ауылдағы 57 бас ірі қарадан бүгінде 20 шақтысы ғана қалған.
"Аса қауіпті аурулар табылған жоқ. Енді негізгі болжам — тамақ, жем-шөптен улану. Қазір зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар сонда жұмыс істеп жатыр. Ем қолданып жатыр, антибиотиктер, капельницалар қойылып жатыр. Оң нәтиже берген малдар бар. Ағыбай Сыздықов, облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript