Ирандық компания елімізде жылына 200 мың тонна өнім шығаратын сүт комбинатын салады

Ирандық компания елімізде жылына 200 мың тонна өнім шығаратын сүт комбинатын салады, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2025 17:56 Сурет: akorda.kz
Иранның Solico Group компаниясы елімізде жылына 200 мың тонна өнім шығаратын сүт комбинатын салады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Иран бизнес форумында ауыл шаруашылығы саласындағы ықпалдастықты дамыту қажеттігіне назар аударды.

"Иран – Қазақстан астығын сатып алатын негізгі елдің бірі. Былтыр агроөнеркәсіп кешеніндегі тауар айналымы 220 миллион долларға жетті. Ал биылғы он айдың ішінде астық саудасы 280 миллион долларға жуықтады. Біз ауыл шаруашылығына инвестиция салатын кәсіпкерлерді қолдаймыз. Қазіргі таңда бірқатар бірлескен жоба жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, Иранның Solico Group компаниясын ерекше атап өтуге болады. Бұл компания елімізде жылына 200 мың тонна өнім шығаратын сүт комбинатын салуды жоспарлап отыр". Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ, мемлекет басшысының айтуынша, балаларға арналған тағам өнімдерін даярлау ісі қолға алынады.

"Бұған қоса, Kourosh Food Industry компаниясы Қазақстан нарығына қызығушылық танытып отырғанын білеміз. Осы компания елімізде өсімдік майын шығаратын және құс шаруашылығын дамытатын кәсіпорындар ашқысы келеді. Тағы да атап өткім келеді: біз ынтымақтастық орнатуға қашанда дайынбыз. Сондықтан Иран кәсіпкерлерін бірлесіп жұмыс істеуге, Қазақстанда заманауи өндірістер ашуға шақырамын", - деді президент.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: