Ақтөбеде алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салынады
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ақтөбе облысында 41,9 млрд теңгеге алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салынады. Үкімет инвестициялар туралы келісімді мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің өңдеу өнеркәсібін дамыту және инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет Ақтөбе облысында "Қазақстанда алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу" туралы келісімнің жобасын мақұлдады. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды.
"Жобаның инвесторы – "Кока-Кола Алматы Боттлерс" БК ЖШС. Жаңа өндірістік кешенге салынған инвестициялардың жалпы көлемі 41,9 млрд теңгені, жобалық қуаттылығы жылына 280 млн литр өнімді құрайды",- делінген Үкімет ақпарында.
Кәсіпорын халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қалдықтарды басқарудың экологиялық таза жүйелері бар озық технологиялармен жабдықталмақ. Бұл зауыттың еліміздің тұрақты өнеркәсіптік экожүйесіне интеграциялануын қамтамасыз етеді.
Жобаны жүзеге асыру өңірде 120-дан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Зауыттың құрылысы 2026 жылы басталады.
Бұған дейін "Қазақстандық атом электр станциялары" компаниясы республикалық меншікке өткенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript