"Қазақстандық атом электр станциялары" компаниясы республикалық меншікке өтті

"Қазақстандық атом электр станциялары" компаниясы республикалық меншікке өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.12.2025 14:27 Сурет: ҚАЭС
2025 жылғы 25 желтоқсанда Үкіметтің жеке меншіктен республикалық меншікке "Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС-нің жарғылық капиталындағы қатысу үлесін сыйға тарту шарты негізінде қабылдау туралы қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның "Қазақстандық атом электр станциялары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (ҚАЭС ЖШС) жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 100 пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын", – делінген құжатта.

Осыған байланысты акциялары мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктер тізбесі төмендегі мазмұндағы жолмен толықтырылды:

  • "Қазақстандық атом электр станциялары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Сондай-ақ ЖШС-ке иелік ету және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігіне берілді.

Аталған қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: