Ұлттық ғылыми онкология орталығы жеке меншіктен мемлекетке өтті
Сурет: akorda.kz
Үкімет 2023 жылғы 22 ақпандағы "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" ЖШС жарғылық капиталындағы үлесті сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы" қаулы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Тұрар Healthcare" коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы 100 пайыз қатысу үлесін сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысын қабылданды", – делінген құжатта.
ЖШС жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне берілді.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript