Әуе оқу орталығы мемлекеттік меншікке өтті

Әуе оқу орталығы мемлекеттік меншікке өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2025 16:04 Сурет: pixabay
2025 жылғы 14 тамыздағы Үкімет қаулысымен "Әуе оқу орталығы" ЖШС-нің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі жеке меншіктен республикалық меншікке сыйға беру шарты бойынша қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" АҚ-ның "Әуе оқу орталығы" ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесін республикалық меншікке сыйға беру шарты бойынша беру туралы ұсынысы қабылдансын", – делінген құжатта.

Мемлекеттік қатысу үлесі ретінде ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100% көлемде "Азаматтық авиация академиясы" АҚ-ның акциялары қабылданды.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: