Астанада 25 жастағы қыз алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

Астанада 25 жастағы қыз алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2025 19:10 Сурет: Zakon.kz
Астананың Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері 25 жастағы қызды алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу барысында анықталғандай, жәбірленуші өзінің танысынан жүргізуші куәлігін жасап беретін адам бар деген ақпарат естіген. Танысының кеңесімен ол күдіктімен байланысқа шығып, құжатты дайындап беру үшін 700 мың теңгеге жуық ақша аударған. Алайда уәде етілген қызмет көрсетілмей, күдікті жәбірленушімен байланысын үзген. Осыдан кейін жәбірленуші полицияға хабарласқан.


"Қазіргі уақытта күдіктінің әрекетіне қатысты бір ғана эпизод тіркелген. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция.

Полиция департаменті азаматтарға бейтаныс адамдарға сенбеуді және күмәнді қызмет түрлерін ұсынған жағдайда бірден құқық қорғау органдарына хабарлауды ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: