Алматыда көліктерден жүйелі түрде ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Алматыда көліктерден жүйелі түрде ұрлық жасаған күдікті ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2025 21:13 Сурет: polisia.kz
Алматыда автокөлік ұрысы қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"102" пультіне автокөліктің ішінен бағалы мүлік ұрланғаны туралы хабарлама түскеннен кейін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, күдікті анықталып, ұсталды.

Тексеру нәтижесінде оның бірқатар қылмысты жүйелі түрде жасағаны белгілі болды.

“Біз көліктерден ұрлық жасаумен айналысқан күдіктіні ұстадық. Қазіргі уақытта оның сегіз қылмыстық эпизодқа қатысы бары расталып отыр. Полиция мұндай құқық бұзушылықтарды жүйелі түрде анықтап, жолын кесуді жалғастырады. Әрбір іс заң аясында соңына дейін жеткізіледі. Күдікті қамауға алынып, қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр”, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: