Бас прокуратурада қылмыстық қатерлерді болжау саласындағы цифрлық құралдар таныстырылды
Сурет: Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Іс-шара барысында қылмыстық қатерлерді ерте анықтауға арналған медиа-кеңістікті мониторингілеу жүйесінің мүмкіндіктері, "e-Өтініш" платформасындағы азаматтардың өтініштерін талдайтын ЖИ-агент және оларды тиімді қарау шаралары, көшедегі қылмысты, сыртқы киберқатерлерді болжауға бағытталған пилоттық жобалар, сондай-ақ "Заң мен тәртіп" идеологиясын ілгерілету мақсатында халыққа құқықтық көмек көрсетуге арналған мобильді қосымшалар, "ақылды" қылмыс пен жол-көлік оқиғаларының геокарталары және елдегі прекурсорлар мен химиялық заттардың айналымын бақылауға арналған Таргетинг-орталық таныстырылды.
Сондай-ақ "Цифрлық қадағалау" жүйесі және оның тұлғаларды іздестіру, қылмыстық жазалармен пробацияның орындалуын бақылау, сотталғандарды ресоциализациялау, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша істердің заңдылығын талдау бағытындағы функционалдары көрсетілді.
Жүйеге 60-тан астам мемлекеттік органның деректер базасы, "ақылды" бейнекамералар мен дрондар қосылған. Бұл прокурорларға құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласында уәкілетті органдардың өз функцияларын орындауын онлайн режимде қадағалауға мүмкіндік береді.

Сурет: Бас прокуратураның баспасөз қызметі
"Халықтан келіп түсетін сигналдарды талдап, оларға ең ерте кезеңде жедел әрекет ету мақсатында төтенше коммуналдық қызметтерді Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметке(БКДҚ-112) біріктіру бойынша мемлекеттік органдармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды", - делінген хабарламада.
Бас прокуратураның хабарлауынша, Президент тапсырмаларын іске асыру аясында Құқықтық статистика және арнайы есепке алукомитетін трансформациялау жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Оның құрылымында 4 ай бұрын Қылмыстық қатерлерді болжау орталығы құрылды.
Орталықтың негізгі міндеті – қоғамдық қауіпсіздікке төнетін сыртқы және ішкі тәуекелдерді алдын ала анықтауға және қылмыстың алдын алуға бағытталған заманауи болжамдық-талдамалық қызметті жүзеге асыру.
Уәкілетті мемлекеттік органдарға сыртқы криминалдық қатерлер туралы және олардың алдын алу жөніндегі ұсынымдармен 25 хат жолданды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бұрын белгісіз болған қылмыстық әрекеттердің жаңа түрлері мен тәсілдері туралы халық хабардар етілуде.
"Орталықтың құрылуы – қылмысқа жауап қайтарудан оны алдын ала болжауға көшу жолындағы маңызды қадам. Бұл жасанды интеллект, аналитика және цифрлық шешімдерге негізделген". Бас прокурор Берік Асылов

Сурет: Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Елдегі ғылыми-зерттеу институттарымен өзара іс-қимылды нығайту мақсатында 7 ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аналитикалық және цифрлық шешімдерді енгізуге консультативтік қолдау көрсету үшін депутаттар, IT және ғылыми қауымдастық өкілдері қатысатын Консультативтік-сараптамалық кеңес жұмыс істейді.
Енгізіліп жатқан аналитикалық және цифрлық құралдар нақты практикалық нәтижелер көрсетуде. Мәселен, Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі ақпараттық жүйесін Ұлттық Банктің Антифрод-орталығымен, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары мен банктерден келіп түсетін фрод-инциденттер туралы мәліметтермен біріктірудің арқасында кибер-алаяқтық бойынша қылмыстық істерді тіркеу үлесі 2 есе өсті. Бұл жәбірленушілердің құқықтарын қорғау бойынша іс-шараларды жедел қабылдауға мүмкіндік берді.
Қылмыстық істер бойынша "Цифрлық көмекші" зияткерлік моделін апробациялау жалғасуда. Бұл модель тергеушілерге тергеуді жоспарлауға, ауызша сөйлеу мен бейне жазбаларды мәтінге айналдыруға, сондай-ақ айғақтарды талдауға көмектеседі. Аталған модельдің көмегімен 76 айыптау актісі, 314 тергеу жоспары жасалып, жауап алу хаттамаларының 67 транскрибациясы орындалды.