Мемлекет басшысы Бас прокуратурада жиын өткізді

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке енгізілген барлық цифрлық шешімдерге талдау жүргізіп, тексеру тапсырмасын берді., сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2026 14:55 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратурада кеңес өткізді. Мемлекет басшысы елімізде ауқымды өзгерістер жасалып жатқанын және алдымызда Конституциялық реформа жүргізу, мүлде жаңа саяси жүйеге қадам басу міндеті тұрғанын айтты деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан президенті 2026 жылғы 26 қаңтарда жаңа дәуірде барлық салаға цифрландыру мен жасанды интеллектіні жаппай енгізу жұмысымен белсенді түрде айналысу қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар, қоғамға, жалпы елімізге заң үстемдігі, тәртіп мықтылығы ауадай қажет деп айтты.

"Кейбір шет елдерде болып жатқан қазіргі өте күрделі ахуалды көріп, бұл саясатымыздың дұрыстығына бәріміздің көзіміз жетіп отыр, оған ешқандай күмән жоқ. Заң мен тәртіп мемлекеттік саясатымыздың негізгі қағидаты ретінде қабылдануы керек, бұл қағидатты жаңа Конституциямызға міндетті түрде енгізу қажет деп санаймын. Себебі бұл ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын, өміршең қағидат екені даусыз. Бас прокуратураның осы саладағы рөлі аса маңызды. Прокуратура қызметкерінің заңның бұзылуына бейтарап, селқос қарауға құқығы жоқ". Мемлекет басшысы

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке енгізілген барлық цифрлық шешімдерге талдау жүргізіп, тексеру тапсырмасын берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: