Атырауда барлық оқушы ертең онлайн оқитын болады

Оқушы, Атырау, қолайсыз ауа райы, мектеп, онлайн, 15 желтоқсан, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2025 15:58 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Ауа райының қолайсыздығы білім беру процесіне де әсер етті. Желдің күшеюі мен ауа райының нашарлауына байланысты Атыраудың барлық мектептері қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенованың айтуынша, шешім балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған, себебі қолайсыз ауа райы жағдайлары көшеде жүруді қиындатады және қауіп-қатерді арттырады.

"Барлық 69 қалалық мектеп 15 желтоқсандағы ауа райына байланысты бір күн мерзімге онлайн оқыту форматына көшеді", деп атап өтті қаланың бас педагогы.

Бұған дейін Атырауда қатты жел тұрып, үйлер, көліктер бүлініп, жарық жаппай сөніп қалғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: