Қазақстандық теннисші Үндістандағы жарыста қарсыласын ойсырата ұтты

Қазақстандық теннисші Үндістандағы жарыста қарсыласын ойсырата ұтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2025 17:20 Сурет: instagram/sagandykova.aruzhan
Қазақстандық теннисші, әлемнің 845-ракеткасы Аружан Сағындықова Үндістан астанасы Нью-Делидегі ITF W35 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда үндістандық Рия Сачдевамен кездесті.

Отандасымыз бірінші сетте 6:2 есебімен басымдылық танытты. Сағындықова екінші сетте де қарсыласына дес бермеді – 6:1.

Матч 1 сағат 4 минутта аяқталды.

Аружан Сағындықованың келесі қарсыласы кейін анықталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: