Аружан Сағандықова Тунистегі турнирдің екінші айналымында сүрінді

Аружан Сағандықова , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2023 23:03 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші, әлемнің 792-ракеткасы Аружан Сағандықова Монастир (Тунис) ITF турнирінің екінші айналымындағы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аружан Сағандықова ширек финалға шығу үшін әлемнің 347-інші, жарыстың 1-ракеткасы, румыниялық Андреа Присакариумен кездесті. 

Ол қарсыласынан 6:2, 4:6, 6:0 есебімен ұтылды.

Айта кетейік, Аружан алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 929-орында тұрған италиялық Камилла Санолинимен шеберлік байқасқан еді.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 6:2 есебімен сүріндірді. 

Бұған дейін тағы бір қазақстандық теннисші Денис Евсеевтің Португалиядағы турнирдің ширек финалына шыға алмағанын жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: