Аружан Сағандықова Тунистегі турнирдің финалына бір қадам жетпей тоқтады
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық теннисші Аружан Сағандықова жұптық сында Монастир (Тунис) ITF турнирінің жартылай финалына дейін жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген 18 жастағы Аружан Сағандықова мен Беларусь өкілі Дарья Хомутянской ширек финалда тунистіктер Хиба Хени – Рахим Рассилмен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда қазақстандық-белоруссиялық жұп 6:4 есебімен басым түсті.
Екінші сетте тунистік дуэт есе қайырды – 7:6 (7:5). Дегенмен супер тай-брейкте Аружан мен Дарья жеңіске жетті – 11:9.
Аружан Сағандықова – Дарья Хомутянской бір күнде екінші рет кортқа шығып, жартылай финалда жарыстың екінші ракеткалары, нидерландылық Стефани Джудит Виссхер – германиялық Селина Далға 2:6, 2:6 есебімен жол берді. Сөйтіп финалға бір қадам жетпей тоқтады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript