Цехтағы ірі өрт: Шымкентте медициналық керек-жарақтар өртенді

Цехтағы ірі өрт: Шымкентте медициналық керек-жарақтар өртенді, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2025 18:21 Сурет: видео скрині
ТЖМ қызметкерлері Шымкентте цехтағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Шымкент қаласының Абай ауданындағы Қатын көпір шағын ауданында медициналық бұйымдар шығаратын цехта өрт шықты.

"Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт дер кезінде сөндірілді. Өрт сөндірушілер жалынның таралуына жол бермей, материалдық шығынды барынша азайтты", - делінген хабарламада.

Өрттің жалпы аумағы - 124 шаршы метр.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: