Астанада екіқабатты коттедж өртенді

Өрт, Астана, Байқоңыр ауданы, екіқабатты коттедж  , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2026 12:29 Сурет: pixabay
ҚР ТЖМ өрт сөндірушілері жиһазы отқа оранған екі қабатты тұрғын үйдегі өртті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт Байқоңыр ауданында Жүсіпбек Аймауытов көшесінде орналасқан екіқабатты коттеджден шыққан.

Оқиға орнына келіп жеткен алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері жиhaздар мен төбе жабыны және үйге жақын тұрған жиhаз шығару цехінің сыртқы қаптамасы отқа оранғанын анықтады.

"Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби іс- қимылдарының нәтижесінде өрт 70 шаршы метр аумақта, өрттің ары қарай жақын ғимаратқа таралуына жол бермей, толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда", делінген хабарламада.

Бұған дейін Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, екі бала құтқарылғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: