Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті

Өскеменде өрт кезінде адамдар эвакуацияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2025 22:41 Сурет: Zakon.kz
Өскемен қаласында Добролюбов көшесінде орналасқан тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшелері қауіпті аймақтан бес адамды жедел эвакуациялады.

"Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 28 шаршы метр аумақта сөндірілді. Өрт кезінде жиһаз бен жеке заттар жанған. Өртті сөндіру барысында тұрғындардың үй жануарлары да қауіпсіз жерге шығарылды". Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері 1941 жылы туған қарт әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны тексеру үшін медициналық мекемеге жеткізді.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: