Қазақстанда халықаралық "Аяз ата" фестивалі өтті

Қазақстанда халықаралық "Аяз ата" фестивалі өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2025 09:51 Сурет: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысында халықаралық "Аяз ата, Ақшақар-2025" фестивалі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар" телеарнасының ақпаратына сүйенсек, еліміздің әр өңірінен және Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген қатысушылар Алтай тауының баурайында шаңғы тепті. Шығыста бұл спорттық фестиваль екі жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді.

Олар тау етегіне шаңғымен сырғанап түсіп, көрермендердің қошеметіне ие болды. Биылғы додағы Ұлытаулық туристер делегациясы да келді. Олар ақ мамық қармен көмілген тауларды көру үшін мың шақырымнан астам жолды еңсеріп келген.

Бұған дейін 24 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: