Астанадағы өндіріс орындарында биыл 12 адам қаза тапқан

Астанадағы өндіріс орындарында биыл 12 адам қаза тапқан, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2025 17:24 Сурет: pixabay
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өндірістегі қауіпсіздікті күшейту үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, елордада жұмыста жүріп жарақат алу деректері көбейіп барады.

Жыл басынан бері қаладағы өндіріс орындарында 32 адам зардап шегіп, 12 адам қаза тапқан.

"Әкімдік Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, өндірістегі қауіпсіздікті күшейту үшін нақты шаралар қабылдауға тиіс. Жұмыс орнында болуы мүмкін қауіп-қатерлерді саралап, оқыс оқиғалардың алдын алу қажет", - деді ол.

Тоқаев әр қайғылы оқиғаның себеп-салдарын мұқият зерделеп, тиісті қорытынды жасау керегін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: