Президент: Қазақстан – Starlink желісіне ие болған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет

Интернет, сеть, цифровизация, цифровые технологии, digital, современные технологии, цифровизация, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2025 16:39 Фото: freepik
Мемлекет басшысы Жамбыл жұртшылығымен кездесуде Қазақстан – шығыс пен батыстың арасындағы алтын көпір екенін баса айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазір экономикамызда түбегейлі өзгерістер жасалуда екенін атап өтті.

"Біз ел экономикасының дамуына қосымша серпін беру үшін маңызды жобаларды қолға алдық. Бүгінде сол жұмыстың нәтижесін де көре бастадық. Соңғы бес жылда ұлттық экономика 15,8 пайызға өсті. Биылғы өсім 6 пайыздан асты. Бұл – 2012 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім 47 пайызға артты. Алтын-валюта резерві және Ұлттық қор активтерінің көлемі рекордтық межеге жетіп, 125 миллиард доллардан асты",- деді ол.

Мәселен, биыл "Достық – Мойынты" теміржолының екінші желісі мерзімінен бұрын іске қосылды.

"Бұл – Тәуелсіздік кезеңіндегі ең ірі теміржол құрылысы. Бірнеше айда осы жолмен қосымша 6 миллион тонна жүк тасымалданды. Қазір "Мойынты – Қызылжар" бағытында теміржол салынып жатыр. Қазақстан – шығыс пен батыстың арасындағы алтын көпір. Біз бұл мүмкіндікті ұтымды пайдалануымыз қажет". Қасым-Жомарт Тоқаев

Оның айтуынша, осы жылы 13 мың шақырым автокөлік жолы салынып, жөнделуде.

"Әуе қатынасын дамыту ісіне де баса мән беріліп жатыр. Әлемнің ірі қалаларымен тікелей қатынас орнатылып жатыр, 36 жаңа әуе рейсі ашылды. Осылайша, Қазақстан Еуразия құрлығындағы транзит хабы ретінде қалыптасуы әбден мүмкін. Бұл – стратегиялық маңызы бар мақсат. Сондай-ақ интернет еліміздегі азаматтардың 90 пайызына қолжетімді болды. Қазақстан – Starlink желісіне ие болған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет",- едді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, ол еліміз құрылыс саласында зор табысқа жеткенін айтып өтті. Мысалы, биыл 19 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Мыңдаған отбасы баспаналы болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: