Жасанды интеллекті мен цифрлық экономика – дамыған елдерге тән басты үрдіс - Президент

Глобализация, глобальный бизнес, бизнес, глобальная экономика, международный бизнес, международные отношения, международные связи, международная торговля, глобальные связи, цифровизация , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2025 16:29 Фото: pixabay
Мемлекет басшысы Жамбыл жұртшылығымен кездесуде жасанды интеллект мәселесін қозғап, бірқатар мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол үш жыл ішінде Қазақстан цифрлық ел болу керек деген мақсатты айқындағанын баса айтты.

"Жасанды интеллекті мен цифрлық экономика – дамыған елдерге тән басты үрдіс. АҚШ және Қытай – бұл саладағы ең озық елдер. Қазақстан да өркениеттің даңғыл жолынан шет қалмауы керек. Сондай жағдай болса, келер ұрпақ бізді кешірмейтіні сөзсіз. Ондай қателікке жол бермейміз",- деді президент.

Сонымен қатар, ол жолдауда осы тақырыпқа көп зейін қойылғанын да жасырмады.

"Қазіргі таңда Үкімет белсенді жұмысқа кірісті, біраз жоба іске асырылды, бірақ алдымызда ауқымды жұмыс бар. Алдағы жыл шын мәнінде үлкен бетбұрыс жылы болады. Түбегейлі өзгерістердің жаңа кезеңі басталады. Бұл туралы кейінірек жариялап айтамын. Бәріміздің мақсат-мүддеміз – ортақ. Бұл – Әділетті, Қауіпсіз, Күшті және Таза Қазақстанды құру. Ең бастысы, еліміздің ынтымақ-бірлігі мықты болуы керек. Мемлекет пен қоғам бірлесіп, тығыз байланыста жұмыс істеуі қажет. Бір ел, бір халық болып, жұмыла білсек, міндетті түрде мақсатымызға жетеміз".Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін аймаққа тартылған инвестицияның басым бөлігі Қазақстанға бағытталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: