Алматы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында нағыз ертегідей түрленді

Қаланың орталық алаңдары мен саябақтардан бастап шеткі шағынаудандарға дейінгі барлық аумағы безендіріліп, жылылыққа, жайлылық пен қысқы сиқырға толы біртұтас мерекелік орта қалыптасты., сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2025 09:57 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қаланың орталық алаңдары мен саябақтардан бастап шеткі шағынаудандарға дейінгі барлық аумағы безендіріліп, жылылыққа, жайлылық пен қысқы сиқырға толы біртұтас мерекелік орта қалыптасты.

Абай және Астана алаңдары, Арбат, Панфилов көшесі, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ, "Алматы Арена" мен "Атакент" сынды дәстүрлі жаңа жылдық орындар ретінде мерекелік іс-шаралардың негізгі орталығына айналды.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мұнда жәрмеңкелер, концерттер ұйымдастырылып, тұрғындар үшін отбасылық серуендерге қолайлы жағдай жасалды.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл мерекелік безендіру ауқымы кеңейіп, әрбір тұрғынға қуаныш сыйлау мақсатында жаңа безендірілген қоғамдық кеңістіктер пайда болды.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл игі іске қалалық кәсіпкерлік нысандары да қомақты үлес қосты. Сауда орталықтары, дәмханалар, мейрамханалар, қонақ үйлер мен кеңсе ғимараттары қасбеті мен витринасын сәндеп, қаланың жаңа жылдық көркін одан әрі айшықтай түсті.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қалалық кеңістіктің көркемдік мазмұнына ерекше мән берілді. Алматының әр түкпірінде ертегі кейіпкерлерінің жарық мүсіндері, 2026 жылдың нышандарымен көмкерілген арт-нысандар, қар ұшқыны, сыйлық, бұғы және жаңа жылдық шар бейнесіндегі сәндік композициялар бой көтерді. Бұл көркем инсталляциялар қала тұрғындары мен қонақтары үшін сүйікті фотосурет түсіру алаңына айналды.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Биылғы мерекелік безендіруде "Таза Қазақстан" тақырыбындағы шағын сәулет нысандары айрықша орын алды. Олар жаңа жылдық сән мен экологиялық идеяны ұштастырып, табиғатқа жанашырлық таныту мен экологиялық жауапкершілік мәдениетін дәріптейді.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: