Ақтауда шұрық-тесік көше жүруге жарамыз болудың аз-ақ алдында тұр - фото
Сурет: lada.kz
Ақтаулық тұрғындар қаланың қақ ортасындағы – Туризм колледжі мен Орталық базардың арасындағы – жол жүруге жарамсыз деп шағымдануда. Олардың айтуынша, жауын-шашын түссе аумақ лай-батпаққа айналады. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
Жергілікті lada.kz басылымының жазуынша, аталған жол учаскесі жылдар бойы жөндеу көрмеген. Нәтижесінде, жол әр жерден тесіліп, ойық-шұңқырға айналған. Батпақты көше тек жаяу жүргіншілердің ғана емес, көлік иелерінің де зығырын шығарған.

Сурет: lada.kz
Жағдайға қатысты қалалық әкімдік түсініктеме берді.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, бұл жол учаскесін келесі жылға жоспарланған жөндеу жұмыстарының тізіміне енгізу көзделіп отыр. Алайда жөндеудің нақты қашан басталатыны әзірге белгісіз.
Бұған дейін аса ауыр қылмыс жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript