2026 жылға ЕАЭО Сотына жүгіну үшін баж мөлшері бекітілді
Сурет: ЕАЭО соты
Құжатта былай делінген:
"2026 жылға Еуразиялық экономикалық одақ Сотына жүгінген кезде шаруашылық жүргізуші субъектілер төлейтін баж мөлшері 2026 жылға арналған Еуразиялық экономикалық одақ бюджеті жобасын әзірлеу барысында болжанған тұтыну бағалары индексінің 4% өсуін ескере отырып, 59 621 ресей рублі (386 344 теңге) көлемінде бекітілсін".
Аталған шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
2015 жылы баж мөлшері 57 328 ресей рублін құраған.
Еуразиялық экономикалық одақ Соты – 2014 жылғы 29 мамырдағы Шартқа сәйкес құрылған, ЕАЭО құқықтық актілерінің оған мүше мемлекеттер мен одақ органдары тарапынан біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейтін тұрақты сот органы. Сот Минск қаласында орналасқан.
Сот дауларды қарау жөніндегі соттық және түсіндірме беру жөніндегі консультативтік функцияларды жүзеге асырады.