Абай облысында полицейлер жолда тұрып қалған жүргізушіге көмек көрсетті

Абай облысында полицейлер жолда тұрып қалған жүргізушіге көмек көрсетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2025 19:13 Сурет: polisia.kz
Павлодар - Семей автожолының Бесқарағай ауданына жақын учаскесінде жол қозғалысы барысында жеңіл автокөлікте техникалық болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған жағдайды жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарып жүрген патрульдік полиция экипажы дер кезінде байқап, бірден тоқтады.

Полиция қызметкерлері оқиға орнын тексеріп, жүргізушінің жағдайын анықтады. Қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, ақаулы көлік жол жиегіне шығарылып, авариялық белгілер орнатылды. Қозғалыстың үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында аталған жол учаскесінде уақытша қауіпсіздік шаралары қабылданып, өзге көлік құралдарының қозғалысы реттелді.

Қызметкерлердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде көліктегі техникалық ақау жойылып, жол қозғалысы қысқа мерзім ішінде толық қалпына келтірілді. Жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: