Құтқарушылар жолда тұралап қалған жүргізушіге көмек көрсетті

Құтқарушылар жолда тұралап қалған жүргізушіге көмек көрсетті , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.01.2026 16:09 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қостанай облысындағы автожолда құтқарушылар жүргізушіге көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Меңдіқара ауданында, Теңіз ауылынан 10 шақырым жерде, аудандық маңызы бар "Боровское – Ұзынағаш" автожолында құтқарушылар қиын жағдайға тап болған жеңіл автокөлік жүргізушісіне көмек көрсетті.

"Техникалық ақау салдарынан көлік құралы қозғалысын жалғастыра алмады. Құтқарушылар Toyota Hilux автокөлігінің лебедкасын пайдалана отырып, жеңіл автокөлікті тазаланған жол бөлігіне сүйреп шығарды",- делінген ақпаратта.

Жүргізуші Боровское ауылына эвакуацияланды. Ер адам медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ

Құтқарушылар жол және ауа райы жағдайларын ескерудің, сондай-ақ көлік шықпас бұрын оның техникалық жағдайын бақылаудың маңыздылығын ескертеді.

Бұған дейін Ұлытау облысында жоғалған екі ер адамның дін-аман табылғандығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: