Алматы жаңа жылды "Таза Қазақстан" акциясымен бастады

Концерт, аңа жыл, Алматы, Таза Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.01.2026 09:35 Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Алматыда жаңа жылдық концерт аяқтала салысымен "Таза Қазақстан" акциясы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі коммуналдық қызметтер аумақты жедел тазалап, алаңдар мен көшелерден қоқыс жинап, қоғамдық орындарды ретке келтіргенін хабарлайды.

Акцияға мерекелік концертті тамашалауға келген көрермендер де қосылды. Қала тұрғындары тазалық пен тәртіпті сақтауға өз үлестерін қосты.

"Таза Қазақстан" бастамасы Алматының жаңа жылды мерекелік көңіл-күймен қатар, қалалық ортаға деген жауапты көзқараспен бастағанын көрсетті.

Бұған дейін Алматыда Жаңа жыл қарсаңында бірнеше тұрғын үй жарықсыз қалғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: