1,6 мың шақырым жол және 2 мыңға жуық жаңа вагон: теміржол саласында не өзгереді

КТЖ, Казахстанские железные дороги, поезд, поезда, вагон, вагоны, ЖД, железнодорожный вокзал, платформа, расписание поездов, скоростной поезд, Тальго, пассажиры, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.01.2026 11:42 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
өлік инфрақұрылымын дамыту және Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайту жөніндегі Президент тапсырмаларын жүзеге асыру іс жүзінде орындаудың белсенді кезеңіне өтті. Бұл туралы ҚР көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың қорытындысы бойынша теміржол саласы рекордтық көрсеткішке қол жеткізді: тасымалдау көлемі шамамен 318 млн тоннаға жетті, бұл саланың тұрақты өсіп келе жатқанын растайды. 2026 жылы тасымал көлемі 327 млн тоннаны құрайды деп болжанып отыр. Бұл ретте транзиттік тасымал жыл сайынғы тұрақты өсімді 20% деңгейінде көрсетеді.

"Еліміздің толыққанды теміржол қаңқасын қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Биыл "Достық – Мойынты" және "Алматы айнаалма жолы" сияқты ірі жобалар аяқталды, олардың жалпы ұзындығы – 911 шақырым. Бұл желінің өткізу қабілетін 5 есеге арттыруға және транзиттік тасымалдарды жеделдетуге мүмкіндік берді. Келесі жылы "Қызылжар – Мойынты" және "Дарбаза – Мақтаарал" учаскелерінде стратегиялық құрылыс жобалары, сондай-ақ "Алтынкөл – Жетіген" және "Бейнеу – Маңғыстау" бағыттарын жаңғырту жұмыстары аяқталады", – деп атап өтті вице-министр.

Теміржолдарды күрделі жөндеу жалғасуда, 2025 жылы 1,5 мың шақырым жол жөнделді, ал 2026 жылы 1,6 мың шақырым жөндеу жоспарланған.

Одан бөлек 236 локомотив, 1,4 мыңнан астам жүк және заманауи 191 жолаушылар вагонын жеткізу жоспарлануда. Бұл көлік қызметтерінің сенімділігі мен сапасын айтарлықтай жақсартады.

Бұл ретте, халықаралық көлік дәліздері де қарқынды дамып келеді. Олар – Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) және Солтүстік – Оңтүстік бағыттары.

"ТХКБ-ның өткізу қабілетін арттыру шеңберінде порттар инфрақұрылымын жаңғырту жобалары жүзеге асырылуда, мәселен, отандық сауда флоты 4 пароммен толықтырылады. 2026 жылы контейнерлер тасымалы көлемін 90 мың ЖПЭ-ге дейін жеткізу жоспарлануда",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін АҚШ-та Қазақстанның мұнай қоры бағаланғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: