Алматы облысында үй жануарларына арналған азық өндіру зауыты салынады
Фото: akorda.kz
Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 2 қаңтарда Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрлігі "Mars Petcare Kazakhstan" ЖШС-мен Қонаев қаласында зауыт салу туралы келісім жасады. Инвестицияның жалпы көлемі 88,8 млрд теңгеден асатын кәсіпорынның жобалық қуаты – жылына 100 мың тонна өнім.
"2030 жылдың 31 желтоқсанына дейін нысанды салу және пайдалануға беру жоспарланған. Жұмыс 2031 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Зауытта 200 жұмыс орны ашылады, оның кемінде 85%-ы қазақстандықтар үлесіне тиесілі",- делінген ақпаратта.
Сонымен қатар компания кадрларды оқыту және олардың біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.

Сурет: primeminister.kz
Жобаны жүзеге асыру еліміздің өңдеу өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосып, қосылған құны жоғары өнімдер желісін кеңейтуге, импортқа тәуелділікті азайтуға және өңірде тұрақты өндірістік базаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бұған дейін Абай облысында мас күйінде көлік басқарған жүргізуші тоқтатылғанын жазған болатынбыз.