Алматылық құтқарушылар Рождество кезінде қауіпсіздікті күшейтті

Алматы, осень в Алматы, пасмурная погода в Алматы, тучи в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2026 16:37 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматыда 6 қаңтардан 7 қаңтарға қараған түні қала аумағындағы 13 нысанда құтқарушылар мен өрт сөндірушілер кезекшілік етеді. Бұл туралы қалалық ТЖ басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Жұматаев ТЖД қызметкерлері барлық нысанды алдын ала тексеріп шығып, нұсқаулық жұмыстарын жүргізгенін мәлімдеді.

Әр аудандық бөлімше өз аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, адам көп жиналатын жерлерде тәртіп пен қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауда ұстайды.

Департамент азаматтарды діни рәсім өтетін нысандарды аралау кезінде қауіпсіздікті барынша сақтауға шақырады:

  • ашық от қолданылатын шам ұстағыштарды, шамдар мен басқа да құралдарды жанбайтындай етіп, орнықты күйде орнату;
  • ашық отты әрлеу материалдарынан, интерьерден, киім-кешек пен жанғыш заттардан кемінде 0,5 метрдей аулақ пайдалану;
  • шыны колбалары зақымдалған шамдарды қолданбау және оларды жанғыш сұйықтықтарды пайдаланбай құю;
  • ғибадат залының сыйымдылығын олардың ауданы мен эвакуациялау жолдарының өткізу қабілетін ескере отырып шектеу;
  • қарсы бағыттағы адамдар ағыны қиылыспайтындай етіп келушілердің қозғалысын ұйымдастыру.

Православие дінін ұстанатын христиандар жыл сайын 7 қаңтарда басты шіркеулік мереке – Иса Мәсіхтің Рождествосын атап өтеді. 2026 жылы бұл мейрам сәрсенбі күніне сәйкес келеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: