1 миллиард теңге: Шымкентте мұнай өнімдерін ұрлау схемасы әшкереленді

Шымкентте мұнай өнімдерін ұрлау схемасы әшкереленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2026 18:01 Сурет: polisia.kz
Ішкі істер министрлігі Шымкентте мұнай өңдеу зауытының аумағынан мұнай өнімдерін ұрлау схемасын анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

7 қаңтарда Шымкент полиция департаменті жедел іс-шаралар нәтижесінде жанар-жағармай материалдарын заңсыз шығару арнасын ұйымдастырған адамдар тобын ұстады.

"Қылмыстық схемаға мұнай өңдеу зауытымен байланысты кәсіпорындардың бірінің қызметкерлері тартылып, олар мегаполис тұрғындарымен сөз байласқан", - деп хабарлады полиция.

Ұрланған отынды қылмыстық схеманы ұйымдастырушыларға тиесілі бірнеше базаның аумағында сақтау және сату фактілері анықталды. Қаражаттың көлеңкелі айналымы 1 миллиард теңгеден асады.

Тінту кезінде үлкен көлемде ақша, 17 тоннадан астам жанар-жағармай, отынды сақтау және айдау құралдары, сондай-ақ бірнеше автокөлік цистернасы тәркіленді.

Барлық күдікті ұсталып, аса ірі көлемде ұрлық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

"Қылмыстық іс аясында Шымкент мұнай өңдеу зауыты қызметкерлерінің қылмысқа, оның ішінде контрабандаға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады".Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: