Қызылордада екі адамды өлтірді деген күдікпен көршісі ұсталды
Сурет: pixabay
Қызылордада 8 қаңтарға қараған түні пышақ жарақаты салдарынан қала тұрғыны және оның 34 жастағы қызы көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға туралы полицияға қаза тапқандардың көршілері хабарлаған.
Жедел жеткен патрульдік полиция экипажы күдіктіні қылмыс орнында ұстады.
"Ұсталған адам – жәбірленушілердің көршісі. Бұл дерек бойынша адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтайды.
"Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы департамент басшылығының бақылауында", - делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript