Құлсарыда жеті жасар қызды өлтірді деген күдікпен 36 жастағы ер адам ұсталды

Ұсталды, Атырау облысы, Құлсары, жеті жасар қыз, күдікті, 36 жастағы ер адам , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2025 15:13 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Құлсарыда бір күн бұрын жоғалып кеткен жеті жасар қыздың денесі 6 маусымға қараған түні табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 маусымда кешке қызының жоғалып кеткенін айтып, ата-анасы құқық қорғау органының көмегіне жүгінген. 

"2018 жылы туған қыз сағат 12: 00 шамасында үйінен шығып кетіп, қайта кері оралмаған. Сағат 21: 28-де оның ата-анасы полицияға көмекке жүгінді", - деді құқық қорғау органдары.

Баланың денесі Құрсай арнасынан табылды. Кісі өлтірді деген күдікпен 36 жастағы Құлсары қаласының тұрғыны дереу ұсталды. Ол қазір сот санкциясымен тергеу изольяторына тоғытылған.

Қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша тергеу амалдары қолға алынды. Оның барысы облыстық полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында.

2025 жылы 5 маусымда Жетісу облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полаттың ісі бойынша сот үкімі жарияланды. Істің басты фигуранты Абзал Шынасыл 23 жылға сотталды, ал қалғандары 1,6 жылдан бастап 20 жыл аралығында бас бостандығынан айырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: