Ақтөбеде көктайғақ: Екі тәулікте жүзден аса адам дәрігерге қаралған

Снег, снегопад, зима, холод, мороз, заморозки, метель, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2026 10:24 Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде тайғақтан тайып жығылып, ауруханаға түскендер көбейген. Айналдырған екі тәулік ішінде сүйегі сынып, қол-аяғы шыққан жүзден аса адам дәрігерлер көмегіне жүгініпті. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Қазір облыстық аурухананың қабылдау бөлімінде тыным жоқ. Сүйегі бірнеше жерден сынған ауыр науқастармен бастан жарақат алғандарды ғана жатқызамыз дейді дәрігерлер. КТК дерегіне сүйенсек, соңғы екі күнде бұл өңірде күн жылынып кетіп, артынша аяз тұрып, даланы көк мұзға айналдырған. Әсіресе жаяу жүретін жолақтардың өзі қауіпті.

"Бізге 166 адам түсті осы көк мұз тайғақтан. Жаңағы даланың ауа райын көріп тұрсыңдар, содан 166 адам түсті. Көбісінің жарақаттары иық жарақаттары, тобық жарақаттары, сосын ми шайқалу сотресеине деп аталады. Солар қаралды. Қазір амбулаторный емге жіберілді. Оның ішіндегісі 7 адам жатқызылды". Бағлан Рақметов, Ақтөбе қаласының №1 көпсалалы аурухана дәрігері:

Коммуналдық мекеме тәулік бойы қала жолдары мен тротуарларды тазартуға кіріскен. Олар екі аусым бойынша жолды көк мұздан тазартпақ.

"Тайғақ жерге интертті материал, құмсыз тұз сеуіп жатыр, орталық көшелерге. Шеткі көшелерді, 9 участок бар, санитар тазалау бойынша сол тоғыз участокте күні-күні жұмыс жүргізілуде. Ауа райының қолайсыздығы, қар жауды. Қар жауғаннан кейін бәрін ерітіп, артынан қатып жатыр. Көп учаске, жаяу жүргіншілер жолы тайғақ болып тұр". Мирас Әжібаев, "Астана" ауданы әкімдігінің бөлім басшысы:

Бұған дейін медицина саласына бөлінген қаржы үш есе өскенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: