Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды

Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2026 19:20 Сурет: primeminister.kz
2025 жылғы 29 желтоқсанда АҚ Samruk-Kazyna Construction басқарма төрағасының эксплуатация жөніндегі орынбасары лауазымына Ғабидолла Әбдірахымов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғабидолла Әбдірахымов экономикалық және басқарушылық білімі бар, соның ішінде "Болашақ" бағдарламасы аясында мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.

Ол мемлекеттік қызмет жүйесінде, Президент Әкімшілігінде, Қазақстан Үкіметінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған, сондай-ақ Шымкент қаласының әкімі және мәдениет және спорт вице-министрі болып жұмыс істеген.

Айта кету керек, Ғабидолла Әбдірахымов Samruk-Kazyna Construction басқармасының мүшесі емес.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: