Алматыдағы ірі алаяқтық: қазақстандық бір бөлмеге 109 адамды тіркеген
Фото: pexels
Алматы прокуратурасы заңсыз миграция фактісін анықтады. Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, бір бөлмелі пәтерге 109 адамды тіркеген, бірақ шын мәнінде олар онда тұрмаған. Бұл қызмет үшін ақша алынған, деп жазады Zakon.kz.
Прокуратура мәліметінше, пәтер иесіне қатысты ҚР ҚК-нің 394-бабы ("Заңсыз миграцияны ұйымдастыру") бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Сот қылмыскерді бір жылға бостандықты шектеу жазасына кесті.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстандағы жайлы тұрғын үйді жалға алу бағасының орташа көрсеткіші соңғы сегіз айда 10,2%-ға өсіп, 1 шаршы метр үшін 5024 теңгеге жеткені хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript