Тоқаев: Жаңа Парламентте депутаттарды бес жылға сайлау көзделіп отыр

Акорда, резиденция Президента Республики Казахстан, здание Акорды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2026 14:22 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы 2026 жылғы 20 қаңтарда Ұлттық құрылтайдың V отырысында жаңа Парламент құруда ұсыныстардың төртінші бөлігі заң шығарушы органның жұмыс тәртібі мен рәсімдеріне қатысты болғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы заң қабылдаудың үш кезеңнен тұратын процедурасы ұсынылғанын айтты.

"Депутаттар бірінші кезеңде заң жобасын жалпы мақұлдайды. Одан кейін өзгерістерді мақұлдайды, соңында заңды қабылдайды. Осылайша, біз Парламент қызметін түбегейлі қайта құру арқылы осыған дейін жүзеге асырылған саяси реформаларды одан әрі жалғастырамыз. Мемлекеттің институционалдық тұғырын нығайтып, "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" қағидатына сәйкес орнықты саяси жүйе қалыптастырамыз. Басты мақсатымыз да – осы",- деді ол.

Президенттің пікірінше, билік институттарының жаңа құрылымы баршаға бірдей мүмкіндік беретін әділетті қоғам құрудың мызғымас негізі болмақ.

"Түптеп келгенде, біз бір қоғам болып қолға алған Парламенттік реформа еліміздің әлеуетін арттыратын болады. Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің қарқынын күшейтіп, сапасын жақсарта түседі. Мен Мемлекет басшысы ретінде бұған кәміл сенемін". Мемлекет басшысы

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Парламентке атау ұсынғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: