Алматы емес: Қазақстанда ауасы ең лас қала белгілі болды

Лас ауа, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2026 16:55 Сурет: freepik
"Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылғы 22 қаңтарда 2025 жылдың желтоқсан айында жүргізілген Қазақстандағы атмосфералық ауаның ластану деңгейі бойынша мониторинг нәтижелерін жариялады. Зерттеу қорытындысына сәйкес, денсаулыққа ең зиянды ауа Қарағанды қаласында, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған кезеңде республиканың 70 елді мекенінде атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылау жүргізілген.

"Стационарлық бақылау бекеттері мен жылжымалы зертханалар арқылы ауаның ластану деңгейі анықталады. Негізгі және арнайы ластаушы заттар қатарында РМ-2,5 және РМ-10 өлшеміндегі қалқымалы бөлшектер, күкірт диоксиді, көміртек оксиді, азот диоксиді, озон, күкіртсутек және ауыр металдар бар", – деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

2025 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша:

  • 41 елді мекенде – ауаның ластану деңгейі төмен,
  • 18 елді мекенде – ластану деңгейі жоғарылаған,
  • 10 елді мекенде – жоғары ластану деңгейі тіркелген,
  • 1 елді мекен – өте жоғары ластану деңгейінде деп бағаланған.

"Қазгидромет" деректеріне сәйкес, өте жоғары ластану деңгейі Қарағанды қаласында тіркелген.

"Соңғы бес жылда (2021–2025) Қарағанды қаласында ауаның тұрақты түрде жоғары ластану деңгейі байқалады. Негізгі ластаушы заттар – шаң, РМ-2,5 және РМ-10 қалқымалы бөлшектері, көміртек оксиді", – деп нақтылады мамандар.

Бұл ретте, ауаның жоғары ластану деңгейі тіркелген 10 елді мекен:

  1. Алматы,
  2. Талғар,
  3. Теміртау,
  4. Түркістан,
  5. Өскемен,
  6. Жезқазған,
  7. Павлодар,
  8. Абай,
  9. Қызылсай кенті,
  10. Шұбаршы кенті.

Ластану деңгейі жоғарылаған 18 елді мекен:

  1. Астана,
  2. Шымкент,
  3. Ақтөбе,
  4. Атырау,
  5. Талдықорған,
  6. Семей,
  7. Петропавл,
  8. Сәтбаев,
  9. Кентау,
  10. Балқаш,
  11. Тараз,
  12. Арал,
  13. Риддер,
  14. Жаркент,
  15. Шу,
  16. Жанбай ауылы,
  17. Ганюшкино кенті,
  18. Кенкияк кенті.

Ауаның ластану деңгейі төмен 41 елді мекен:

Ақсу, Көкшетау, Қостанай, Ақсай, Ақтау, Алтай, Арқалық, Атбасар, Аягөз, Екібастұз, Жаңаөзен, Жаңатас, Жітіқара, Қандыағаш, Қаратау, Құлсары, Қызылорда, Лисаковск, Рудный, Саран, Степногорск, Орал, Хромтау, Шемонаиха, Щучинск қалалары,сондай-ақ Айтеке би, Ақсу, Әуезов, Бестөбе, Бурабай, Глубокое, Индербор, Қарабалық, Бейнеу, Састөбе, Төретам кенттері және Ақай, Бурлин, Мақат, Қордай, Шиелі ауылдары.

Бұған дейін қазақстандық сейсмологтар 2026 жылғы 22 қаңтар күні жер сілкінісін тіркегенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: