Қазақстандағы әлеуметтік әуе рейстерінің бағасы төмендемейді

Қазақстандағы әлеуметтік әуе рейстерінің бағасы төмендемейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2026 18:20 Сурет: unsplash
Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева 2026 жылғы 23 қаңтарда Мәжіліс кулуарында ішкі әуе рейстеріне билет бағасын төмендету мүмкіндігіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін ішкі бағыттағы 69 әуе маршрутына субсидия бөлінетіні хабарланған болатын.

"Жыл сайын субсидиялар коммерциялық рейстер шығынды әрі тиімсіз болғандықтан жүзеге аспайтын бағыттарда көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін бөлінеді", – деді Салтанат Томпиева.

Оның айтуынша, әлеуметтік маңызы бар рейстер өңірлер арасындағы байланысты нығайту үшін қажет. Сондықтан олардың бағасын төмендету қарастырылмаған.

"Мысалы, Түркістан – Ақтау, Көкшетау – Ақтау бағыттары бар. Бұл рейстерде баға тұрақты. Ол 10-15 мың теңгеден басталып, ең жоғарғысы шамамен 25-30 мың теңгені құрайды", – деп толықтырды ААК төрағасы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: