Жол апатынан кейінгі кісі өлімі: Шымкентте тағы үш күдікті ұсталды

Жол апатынан кейінгі кісі өлімі: Шымкентте тағы үш күдікті ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2026 14:01 Сурет: Zakon.kz
Шымкентте жол апатынан кейінгі кісі өлімі дерегі бойынша тағы үш күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы адвокат Талғат Есімов мәлімдеді.

"Шымкент полиция департаментінің қызметкерлері Василий Колесниковты өлтіру фактісі бойынша тағы үш күдіктіні ұстады. Олар Түркістан облысының Түлкібас ауданында бой тасалап жүрген", – деп жазды адвокат.

Оның айтуынша, күдіктілер Түркістан облысының Түлкібас ауданы аумағында жасырынған.

Еске салайық, 20 қаңтарда Шымкентте болған жол-көлік оқиғасы жаппай төбелеске ұласып, соңы кісі өлімімен аяқталған. 21 қаңтарда төрт ер адамның ұсталғаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: