Мемлекет басшысы заңсыз салық схемаларына тосқауыл қоюды тапсырды

Тоқаев Қазақстанның өзге елдер арасында қай тұрғыдан "көш бастап" тұрғанын айтып берді , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2026 15:05 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігімен өткізген кездесуде жаңа салық саясаты күшіне енгелі бері нақты айналымды жасыру үшін қолма-қол төлем көлемінің артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, бөлшек саудамен айналысатын саудагерлер тауардың ақысын қолма-қол ақшамен немесе аударым арқылы төлегеніне қарай салық сомасын шегеріп, екі түрлі баға айта бастаған.

"Бұған, әрине, көз жұма қарауға болмайды. Өйткені мұндай әрекеттер мемлекеттің салықты әкімшілендіру тетіктерін жетілдіру бағытындағы еңбегін зая кетіреді. Кірісті жылыстату және капиталды астыртын криптоперациялар арқылы заңсыз шығару проблемаға айналды. Бүгінге дейін 62 миллиард теңгеден астам қаржы айналымы бар 130 заңсыз криптоалмасу қызметі жойылды. Осы істердің аясында 2,6 миллиард теңгенің мүлкіне тыйым салынды". Мемлекет басшысы

Сондай-ақ, президент әлеуметтік желілерде ақшаны криптоға айырбастау жарнамасы тыйылмай тұрғанын жеткізді.

"Демек, мәселе түбегейлі шешімін таппаған. Халықаралық ұйымдардың бағалауынша, еліміз сыртқа шығарылған капиталдың көлемі жағынан "көш бастап тұрған мемлекеттердің" бірі. Ал осындай қылмыс үшін сотталғандар жоққа тән. Капиталдың заңсыз сыртқа кетуі экономикалық қауіпсіздігімізге тікелей қатер төндіреді. Агенттік аталған мәселелер бойынша нақты ұсыныс енгізсін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін мемлекет басшысы әлеуметтік саладағы қаржылық тәртіпті ретке келтіруді тапсырған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: