Алматы миллиардтаған қаржыны тиімсіз игерген: аудит бірқатар мәселенің бетін ашты

Алматы, гостиница Казахстан, зима в Алматы, снег в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2026 14:43 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматы қаласында бюджет қаражаты мен активтерінің пайдалану тиімділігіне 2020 жылғы 1 қаңтар мен 2025 жылғы 17 қыркүйек аралығындағы кезеңге мемлекеттік аудит жүргізілді. Аудит қорытындысы ҚР Жоғары аудиторлық палатасының отырысында қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, халықтың 11%-дан астамы тұратын қала ЖІӨ-нің шамамен 22%-ын құрайды.

Алайда қала экономикасы әлі де негізінен сауда мен көрсетілетін қызметтерге бағдарланған, ал өндірістік және инновациялық секторлардың даму серпіні төмен. Бұл Алматының өсу қарқынын тежейді.

Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексеру барысында жоспарлау, басқару және бақылау саласында кемшіліктер мен жекелеген бұзушылықтар анықталды. Мәселен, Алматының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары үнемі түзетулер енгізілуіне қарамастан, басқарудың айтарлықтай тиімді құралына айналмады.

Аудит барысында жоспарланған іс-шараларды толық қаржыландырмау практикасы анықталды. Бұл жекелеген нысаналы индикаторларға қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.

Сонымен қатар, бюджеттік инвестициялық жобалар санының 2022 жылғы 365-тен 2025 жылы 529-ға дейін өсуіне қарамастан, оларды іске асыруда кемшіліктер бар.

Мысалы, 2021 жылы жасалған Жас Қанат шағын ауданында 41 көппәтерлі үй салу жобасы бойынша аудит кезінде 7 үй құрылысы аяқталмаған, ал тағы 12-сі іргелес аумақтың абаттандырылмауына байланысты коммуналдық меншікке берілмеген.

Тексеру барысында Қалалық мобилділік басқармасының жұмысына қатысты да көптеген сұрақ туындады.

"Басқарма 2022-2025 жылдары тасымалдаушыларға 2,3 млрд теңгеге негізсіз субсидиялар төлеуге жол берген",- делінген ақпаратта.

Аудиторлық қорытындыға сәйкес Жер қатынастары басқармасы жер учаскелерін бөлу кезінде ашықтықты арттырып, олардың нысаналы пайдаланылуына бақылауды күшейтуі қажет. Құрылыс тығыздығының сақталмауы нәтижесінде инженерлік және көлік инфрақұрылымына жүктеме ұлғая түсті, сондай-ақ қала тұрғындары үшін әлеуметтік игіліктерге қадамдық қолжетімділіктің болмауына әкелді.

"Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметіне келетін болсақ, аудиторлардың пікірінше, ӘКК тиімсіз жұмыс істейді.

"Мәселен, тұрғын үй құрылысына арналған шамамен 30 млрд теңге бюджеттік инвестициялар үш жылға жуық игерілмеген күйінде қалып отыр. ӘКК сонымен қатар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға толық көлемде қол жеткізе алмады. Бюджеттік кредиттер тиімсіз пайдаланылған және қаржы құралдарына орналастырылған". ҚР ЖАП баспасөз қызметі

Жалпы аудит қорытындысы бойынша 203 млрд теңгеден астам сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Тексеру жүргізу кезінде оның 26 млрд теңгеден астамы өтелді, сондай-ақ есепке алу бойынша және жұмыстарды орындау жолымен 83 млрд теңгеден астамы қалпына келтірілді. Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 417 факт бойынша материалдар әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін уәкілетті органдарға берілді.

Жоғары аудиторлық палатаның тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және Алматы қаласында стратегиялық жоспарлауды, активтерді басқаруды, бюджеттік тәртіпті жақсарту бойынша қажетті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: