31 қаңтарда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Сурет: pixabay
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Түркістанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Шымкентте кей уақыттарда тұман күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Оралда аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-18 м/с. Өскеменде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Семейде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Атырау облысының батысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырауда түнде және таңертең тұман күтіледі
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 күтіледі.
Қызылорда облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылордада кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман.
Ақмола облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, шығысында тұман күтіледі.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Талдықорғанда түнде және таңертең тұман күтіледі.